Аңдатпа
Онлайн платформалар арқылы исламдық білім алу мұсылмандардың рухани өміріне дендеп кіруде. Қазіргі таңда жас буынның діндарлық әлеуметтенуінде интернеттің әсер етіп жатқан ықпалы үлкен. Интернет кеңістікте ислам дініне қатысты контенттер мен сегменттер күнінен күнге көбеюде. Мақалада онлайн платформаларды ислам білім беру жүйесінде пайдалану Қазақстандағы контексінде мысалдармен дәйектеле зерделенеді. Зерттеуде исламдық білім беретін онлайн платформалардың мән-маңызын, қарқынды даму барысы, өзіндік ерекшеліктері, форматтары, артықшылықтары мен кемшіліктері, профильді және танымалы платформалар өзек болды. Тұжырымдар әлеуметтік желілерден жиналған платформалар мен материалдар негізінде жасалды. Білім алу діни құндылықтарды таратып, дәріптеп, оны қоғамға сіңіру жолында үлкен маңызға ие. Елімізде онлайн платформалар арқылы білім беру діни құндылықтарды насихаттайтын құрал ретінде кеңінен пайдалануда. Қазақстан мұсылмандарының білімін шыңдау мақсатында YouTube, Aqartu Academy, Islamic Online Academy, Nur Mubarak online academyсияқты интернет онлайн платформаларын білім беру үшін белсенді қолданып келеді. Әлеуметтік желілердегі онлайн білім беру платформалары күнен күнге көбейіп, тақырыбы мен мазмұны ауқымды әрі әртүрлі. Әлеуметтік желіні ислам біліміне қызықтыру мақсатында қолданылатын заманауи технологиялық әдіс-тәсілдер күн сайын толығып, қанат жаюда. Виртуалды кеңістіктегі исламның нақты көріністерін саралаған зерттеу теориялық және практикалық түрғыдан құнды.
Түйін сөздер: білім, онлайн платформа, академия, ислам.


