Аңдатпа
Бұл мақалада орта ғасырдағы ислам әлемінің сопылық жолын ұстанған әйгілі «әш-Шейх әл-Акбар» Ибн Арабидің өмірі, туған жері, ілім алған өлкелері туралы мәліметтер беріледі. Отбасылық жағдайы, сопылық жолға келуі баяндалады. Білім алған ұстаздары және одан тәлім алған шәкірттерінің есімдері келтіріледі. Сопылық жолдың кемеңгері Ибн Рушдпен танысуы жазылады. Ибн Арабидің қарапайым халықтан дараланып, кемеңгерлікке ұмтылысы, ілім алу жолында қандай елдерге барғандығы баяндалады. Ибн Арабидің ешқандай мәзһабпен жүрмей, тек өте дәлелді нәрселерді ғана қолдап, сол нәрселерді өз өмірінде пайдаланғандығы айтылады. Ибн Арабидің «Кемел адам» концепциясының негізін қалаушысы болғандығы атап өтіледі.
Әлемде адамдар мағыналы, мәнді өмір сүруі үшін алдымен өзін зерттеген дұрыс. Өмірдегі басты нәрсе – бір-бірімізбен қарым-қатынасымыз және Жаратушы Иемізді тану. Жаратушымызды тану барысында адам кемелдікке ұмтылу керек. Сол орайда «Кемел адам» терминінің мағынасын барынша кеңінен ашып түсіндіруге ұмтылыс жасалды. Қазақтың ата-бабаларының кімді «кемел адам» деген сипатқа лайықты екендігіне талдау жасалады. ХХ ғасырда басқа да үлкен ғалымдардың кемелденуге ұмтылысын және оған сай болу белгілерінің біршамасы мысалға келтіріледі.
«Кемел адам» – тұжырымдамасын әл-Фараби өз еңбектерінде қалай сипаттағанын, Абай атамыз қалай сипаттағанын да мақалада ескеріледі.


