Аңдатпа
Бұл мақалада Омейяд әулеті мен Мәуерәннаһр арасындағы бастапқы қатынастардың мазмұнына негізгі назар аударылады. Олардың кейбірі толыққанды дипломатиялық байланыстарға негізделсе, ал кейбірі әскери сипатқа ие болды. Себебі арабтар келмей тұрып, бұл аумақта тұрақты мемлекеттік қатынастар қалыптасқан еді. Мақалада сондай-ақ екі мемлекет арасындағы сыртқы істерді реттеудің құқықтық тетіктері қарастырылады. Бұл тетіктер дивандардың қызметінде көрініс тапқан. Сыртқы істерді реттеу үшін арнайы ресми дивандар құрылып, осы мәселемен айналысатын өкілдер тағайындалған. Халифаттағы дипломатиялық қатынастарды жүйелеу барысында мемлекет басқаруында елеулі өзгерістер орын алғанын көруге болады. Мақалада Омейяд дәуірі билеушілерінің сыртқы саяси қызметі талданады. Ол ғылыми тұрғыда оң және теріс жақтарымен қарастырылады. Тарихи нақтылық пен сабақтастық қағидаларына сәйкес, ғылыми талдаулар тарихи кезеңдер бойынша қарастырылады. Ғылыми талдауларды негіздеу үшін бұл зерттеуде ортағасырлық тарихи дереккөздерден алынған дәйексөздер келтіріліп, осы салада құнды зерттеулер жүргізген ғалымдардың еңбектері пайдаланылды.


