PDF

Кілтті сөздер

ханафи мәзһабы
хадис әдіснамасы
лингво-стилистика
интерпретация
мәжаз
киная

Дәйексөздерді қалай жазу керек

Жалел M. ., & Омаров M. . (2025). ХАДИС МӘТІНДЕРІН ИНТЕРПРЕТАЦИЯЛАУДА ЛИНГВО-СТИЛИСТИКАЛЫҚ ТАЛДАУДЫҢ ОРНЫ. ИСЛАМТАНУ ЗЕРТТЕУЛЕРІ, 2(6), 170–180. https://doi.org/10.63727/ris202562-13

Аңдатпа

Мақалада ханафи мектебіндегі хадис ғылымы мен лингвистика заңдарының қарым-қатынасы және ерекшеліктері сипатталады. Ислам ілімінің негізі –хадис ғылымында хадис мәтіндерін дұрыс интерпретациялау үшін араб тілінің лингво-стилистикалық ерекшеліктерін білудің  маңызы зор. Әсіресе діни мәтіндердегі теологиялық, құқықтық үкімдерге қатысты хадистерді түсінуде араб тілінің лингвистикалық ерекшеліктерін білу қажет. Бұл ерекшеліктерді білмеу дәстүрлі бағытымыз – ханафи мәзһабының ұстанған үкім хадистерін әлсіз деп көпшілікті адастырып, тіпті қоғамды діни алауыздыққа алып барады. Қоғамның бірлігі мен тыныштығын сақтау – бүгінгі күн тәртібіндегі басты міндеттердің бірі. Сондықтан діни мәтіндерді дұрыс интерпретациялау бірінші кезекте тұр. Авторлар үкім хадистерден діни нормалар шығаруда стилистика пәнінің орны мен маңызына тоқталады. Ханафи мазһабында құқықтық нормаларға, жүйелерге тіл ережелерінің ықпалы қарастырылады. Ханафи әдіснамасы мен шафиғи мектебі әдістеріне салыстырмалы талдау жасалады. Үкім хадистердің қолданысқа енуі мен мәселені шешуде жұмыс істеу тәртібі мен ережелері салыстырылып, ерекшеліктері зерттеледі. Еліміздегі діни ағым өкілдерінің буквалистік ұстанымдарына қарсы ханафи ғалымдарының лингво-стилистикалық әдіс арқылы берген түсіндірулері қарастырылады.

https://doi.org/10.63727/ris202562-13
PDF