Кілтті сөздер

Зияратшылық, Түркістан, киелі жерлер, діни орталықтар, мәдени мұра, туристік әлеует.

Дәйексөздерді қалай жазу керек

Қаратышканова, К. (2026). ТҮРКІСТАН ӨҢІРІНІҢ ДІНИ ЖӘНЕ ТУРИСТІК ӘЛЕУЕТІН ӨСІРУ ФАКТОРЫ РЕТІНДЕ ЗИЯРАТШЫЛЫҚТЫ ЗЕРТТЕУ. ИСЛАМТАНУ ЗЕРТТЕУЛЕРІ, 1(9). https://doi.org/10.63727/ris202691-8

Аңдатпа

Бұл мақалада зияратшылық қасиетті орындарды қастерлеу символы және діни туризмнің белсенді туристік бағыттардың түрі ретіндегі көрсеткіштері қарастырылады. Киелі аймақтар рухани және адамгершілік тұрғыдан өзін-өзі тану нысандары, түркі халықтарының мәдени бірегейлігін бүгінгі күнге дейін сақтап келе жатқан діни және мәдени орталықтар ретінде анықталады. Мақалада «кезбе саяхатшының» жолын сопылық тариқаттар деңгейіне көтерген, осылайша көптеген халықтардың діни руханиятын байытқан сопылық мистиктер мен рухани көшбасшылардың өзін-өзі жетілдіруінің дәстүрлі әдісі атап өтіледі. Оңтүстік Қазақстанда тек діни ғана емес, сонымен қатар маңызды мәдени орталықтар ретінде қызмет ететін Қожа Ахмет Йасауи мен Баба Түкті Шашты Әзиз кесенелері және Исмаил Ата мемориалдық кешені сияқты қасиетті және киелі орындарға ерекше назар аударылады. Олардың ислам дінін тараиуда, оны түркі бірегейлігіне бейімдеудегі қызметтері маңызды. Сонымен қатар, қастерлі орындарға бару мен мәдени орталықтар арасындағы байланыс негіздері сопылық дәстүр тұрғысынан қарастырылады. Басқа ел мысалдарын пайдалана отырып, зерттеуде киелі жерлерге саяхаттардың мақсаты мен ұйымдастырылуындағы қиындықтар аталып, олардың рухани әл-ауқатқа және адамның адамгершілік қасиеттеріне әсерін атап көрсетіледі.

https://doi.org/10.63727/ris202691-8