Аңдатпа
Мақалада Қазақстандағы ислами білім беру жүйесінің негізгі принциптері, соның ішінде теориялық және практикалық оқытудың интеграциясы мен ислами білім берудің түрлі модельдері қарастырылған. Ислами білім беру жүйесін талдау мақсатында PRISMA әдіснамасына негізделген 2014-2024 жылдар аралығындағы жарияланымдарға жүйелі шолу жүргізілді. Зерттеу нәтижелері шетелдік және Қазақстандағы ислами білім беру жүйелерін салыстыру арқылы олардың артықшылықтары мен кемшіліктерін анықтауға мүмкіндік берді. Сонымен қатар, ислами білім беру жүйесін жүзеге асыруға байланысты мәселелер, атап айтқанда, діни білім беру мекемелері үшін мемлекеттік нормативтік-құқықтық актілерді жаңарту қажеттілігі талқыланды. Зерттеу нәтижелері зайырлы білім беру жағдайында ислами оқытудың мүмкіндіктерін одан әрі зерттеу қажеттігін айқындайды.


