Аңдатпа
Мақалада Хұсам ад-Дин ас-Сығнақидың «ат-Тасдид» еңбегі негізінде Жаратушының субстанция, акциденция және материядан пәктігі онтологиялық-метафизикалық тұрғыда талданады. Зерттеу барысында Сығнақидың бар болмысты бастауы мен ақырына қарай жіктеу тәсілі мен Құдайдың мәңгілігін рационалдық дәлелдер арқылы негіздеуі қарастырылады. Сонымен қатар, жаратылған болмыстың физикалық негізі ретінде субстанция мен акциденция арасындағы байланыс ислам теологиясы мен қазіргі ғылымдағы (әсіресе Платон, Демокрит, Эйнштейн) концепциялармен салыстырылады. Мақалада субстанция мен акциденцияның табиғаты, олардың қозғалыс пен тыныштыққа қатысты күйі, хадис болмыстардың шектеулілігі мен Алла Тағаланың мәңгілігі мәселесі теологиялық және философиялық негізде ашылады. Ас-Сығнақидың онтологиялық ұстанымдары арқылы исламдық метафизиканың қазіргі ғылыми тұғырмен сабақтастығы айқындалады.


