Аңдатпа
Адамзат болмысы – Шығыс пен Батыстың ғаламдық мәдени қарым-қатынасы шеңберінде зерттеуге лайық маңызды құндылық. Бұл мәселелер қазіргі заманның басты экзистенциалды мәселесіне айналды. Адам болмысы – тарихи-логикалық және гносеологиялық тұрғыда философиялық ойдың ерекше моделі және тарихи-эпистемологиялық тәжірибенің ерекше бағыты. Біз бұл мақаламызда Мұхаммед Иқбал философиясындағы адам туралы идеяны жүйелеп, түсіндіреміз. Иқбал Шығыс пен Батыс мәдениетін жақындастыруға, олардың өзара түсіністігін арттыруға және соғыс пен адам адамды қанауға болмайтын жаңа әлемдік тәртіп құруға айрықша үлес қосты. Ойшылдың пікірінше, адам үшін екі түрлі туу бар. Біріншісі – адамның өз еркінен тыс, жылаумен басталатын алғашқы туу. Ал екіншісі – адамның өз таңдауымен жүзеге асатын саналы, ерікті тууы. Мұхаммед Иқбал философиясының негізінде адамның жоғары мәртебеге, шығармашылық қабілет пен рухани еркіндікке ұмтылысы жатыр. Егер адам өзінің жеке ерекшелігінің ең жоғары дамуына қол жеткізсе, жеке тұлғаға айналады. Физикалық тұрғыдан алғанда рухани жағынан адам – тәуелсіз орталық, бірақ ол кемел адам емес. Оның Құдайдан қашықтығы неғұрлым көп болса, солғұрлым даралықты білдіреді. Құдайдан қашықтығы неғұрлым аз болса, солғұрлым тұлға ретінде кемел болады.


