PDF

Кілтті сөздер

Ислам
дүнгендер
Қытай
ғалымдар
еңбектер
Юсуф Рух әд-Дин

Дәйексөздерді қалай жазу керек

Абу-Ханифе, Ш. . (2024). ЮСУФ РУХ АД-ДИН МА ФУ ЧЖУ (1794-1874) ЖӘНЕ ОНЫҢ ҒЫЛЫМИ ЕҢБЕКТЕРІ. ИСЛАМТАНУ ЗЕРТТЕУЛЕРІ, 4(04), 72–81. https://doi.org/10.63727/ris202444-8

Аңдатпа

Мақалада дүниежүзілік ислам ғұламасы және дін қайраткері Шейх Юсуф Ма Десин (1794–1874) – араб және парсы тілдерін жетік меңгергендігімен және ислам дінін терең білуімен танымал Юньнандық қытайлық Ханафи-Матуриди ғұламасына қатысты сұрақтар қарастырылады. Ол арабша Абд әл-Қайюм Рух әд-Дин Юсуф есімін қолданған. Мәселені қарастырғанда автор (Абдуррахман Шен Хуа Чан, сонымен қатар кеңестік В.П. Васильев, В.Ф. Поярков) сияқты қытайлық ислам зерттеушілерінің еңбектеріне сүйенген.

Тарихи талдау, жіктеу, салыстыру әдісі сияқты ғылыми әдістер қолданылды. Зерттеудің мақсаты – көрнекті ғалым Шейх Юсуфтың жеке басының тақырыбын ашып, оның барлық еңбектерін тізіп көрсету. Халықтың барлық ислам қайраткерлерін білуі, сондай-ақ дүнген халқының арасында және одан тыс жерлерде ислам мұрасын жаңғырту қажет деген қорытындылар жасалды. Дүнгендер арасында дәстүрлі исламды сақтау, исламдық білім беру орталығын ұйымдастыруда мемлекеттік органдар тарапынан қолдау көрсету, дәстүрлі исламды сақтаудың арнайы стратегиялары сияқты кезек күттірмейтін өзекті мәселелер белгіленді.

https://doi.org/10.63727/ris202444-8
PDF