Аңдатпа
Ибн Жинни фонологиялық зерттеуді тәуелсіз ғылым ретінде қарастырған әрі осы ғылымды ажырату мақсатында біз осы уақытқа дейін қолданып келе жатқан лексикалық термин – фонология терминін пайдаланған алғаш ғалым ретінде белгілі. Ибн Жинни, сондай-ақ бүгінде бізге таныс «сөздегі дыбысты» зерттеген. Бұл дыбыстардың сөздердегі немесе байланысты сөйлемдерде тәуелсіз дыбыстар ретінде белгілі қасиетін сақтамай, жаңа қасиеткеие болатынымен байланысты. Ибн Жинни дыбыстарды екі аспектіде – жалпы және функциялық тұрғыда зерттеу үшін көлемді кітап жазып, бұл тақырыпты жеке кітап ретінде зерттеп шығарған алғашқы ғалым болды. Ол: «Өз әріптестерімнің бұл ғылымды осындай мұқият зерттегенін көрмеппін», – деп дұрыс айтқан. Бұл оның кітабы тек бұрынғы пікірлер мен ойлардың жинағы емес, оның дұрыс ғылыми көзқарасын және дәлдігін көрсететін маңызды толықтырулармен ерекшеленетіндігін білдіреді. «Бұл – лексикалық зерттеу лексикографтың назарға алуы қажет маңызды жұмыс».


