PDF

Кілтті сөздер

Сұлтан Байбарыс
араб жазба дереккөздері
тарихи деректер
Мәмлук сұлтандығы
Ибн Шәддад
Ибн әл-Фурат
әл-Мақризи
тарихи тұлға
ислам өркениеті

Дәйексөздерді қалай жазу керек

Қыдырбай, К., & Омарбекова , Ж. . (2024). БАЙБАРЫС СУЛТАН ТУРАЛЫ АРАБ ДЕРЕККОЗДЕРІ. ИСЛАМТАНУ ЗЕРТТЕУЛЕРІ, 4(04), 178–192. https://doi.org/10.63727/ris202444-15

Аңдатпа

Бұл мақалада Сұлтан Байбарыстың өмірбаяны мен тарихи болмысына қатысты араб тіліндегі негізгі жазба дереккөздерге ғылыми тұрғыдан шолу жасалады. Сонымен қатар оның өмірі мен қызметіне қатысты көзі тірісінде және һижра бойынша VIII–IX ғасырларда (б.з. XIV–XV гғ.) жазылған тарихи еңбектер жүйелі түрде сараланып, олардың мазмұны, құрылымдық ерекшеліктері мен деректік құндылығы талданады.

Мақалада Әбу Шәма, Ибн Шәддад, Ибн Абдуззаһир, Ибн Уасил, Ибн Халликан, Ибн әл-Фути, Байбарыс әд-Дәуадар, Кутбуддин әл-Юнини, Шәфиғ ибн Әли ибн Аббас, ән-Нуэйри, әз-Заһаби, әл-Мұфаддал ибн Әбу әл-Фадаил, Ибн Кәсир, Ибн Шәкір әл-Күтуби, Афифуддин әл-Яфығи, әл-Қалқашанди, әл-Мақризи, Ибн әл-Фурат, Ибн Тағри Берди, әс-Сахауи, әс-Суюти, Ибн Ияс сынды ортағасырлық мұсылман тарихшыларының еңбектері салыстырмалы-тарихи әдіс бойынша қарастырылады. Бұл дереккөздердегі баяндау стилі мен авторлардың тарихи концепциялары талданады.

Зерттеу барысында мәтіндік-салыстырмалы талдау, аударма, интертекстуалдық сараптау, анализ-синтез және тарихи-салыстырмалы әдістер кеңінен қолданылды. Авторлар тобы Сұлтан Байбарыс тұлғасын мадақтау мен сын аясында әртүрлі бейнелей отырып, заманауи тарихнамада оның сан қырлы болмысын қалыптастырған. Әсіресе, Ибн әл-Фурат пен әл-Мақризидің еңбектері тарихи бейтараптықты ұстануымен және Байбарысқа қатысты мәліметтерінің молдығымен ерекшеленеді.

Зерттеу нәтижесінде араб жазба дереккөздері негізінде Сұлтан Байбарыс тұлғасын қазақтілді аудиторияға жаңаша қырынан таныту мен тарихи-филологиялық тұрғыда қайта пайымдау қажеттігі негізделеді.

https://doi.org/10.63727/ris202444-15
PDF