Аңдатпа
Түркі әлемінде шығыс тілдері мен мәдениетіне деген қызығушылық қай кезде де болғаны анық және қазіргі кезеңге дейін бәсеңдеген емес. Бұл мәселені зерттеу әлі де жалғасын таба бермек. Алайда түркі халықтарының да тілі мен мәдениетінің шығыс елдеріне тигізген ықпалы аз болған жоқ. Демек, мәселенің екінші қыры аз зерттелген, тіпті қазіргі ғылыми парадигмалар тұрғысынан зерттелмеген десе де болады.
Ендігі жерде тілдік және мәдени қарым-қатынастың бір жақты болмайтынын, екі жаққа да әсері болатынын дәлелдеудің, түркілердің өздерінде сақталмаған байырғы элементтерді өзге шығыс тілдерінен іздеудің қажеттігі туды.


