PDF

Кілтті сөздер

ҚМДБ
цифрлық инфрақұрылым
ресми сайттар
діни коммуникация
ақпараттық қызмет

Дәйексөздерді қалай жазу керек

Шәкизада , С. . (2025). ҚАЗАҚСТАН МҰСЫЛМАНДАРЫ ДІНИ БАСҚАРМАСЫНЫҢ РЕСМИ САЙТТАРЫНЫҢ ЦИФРЛЫҚ ИНФРАҚҰРЫЛЫМЫ МЕН АҚПАРАТТЫҚ ҚЫЗМЕТІ. ИСЛАМТАНУ ЗЕРТТЕУЛЕРІ, 3(7), 83–101. https://doi.org/10.63727/ris202573-7

Аңдатпа

Бұл мақала Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының (ҚМДБ) ресми сайттарының цифрлық инфрақұрылымы мен ақпараттық қызметін ғылыми тұрғыдан талдауға арналған. Зерттеуде басқармаға қарасты интернет-ресурстардың мазмұндық бағыттары, құрылымдық ерекшеліктері және олардың діни-ағартушылық рөлдері қарастырылады. Қазіргі кезеңде діннің қоғамдық өмірдегі орны дәстүрлі институттармен шектелмей, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар арқылы кеңейіп отырғаны белгілі. Осы тұрғыдан алғанда, ҚМДБ-ның цифрлық кеңістіктегі белсенділігі ислам құндылықтарын қоғамға жеткізудің жаңа формаларын айқындайды.

Мақалада ресми порталдардың діни ақпарат таратудағы, пәтуалық сұрақтарға жауап берудегі және рухани тәрбие қалыптастырудағы ықпалына назар аударылады. Сонымен бірге олардың қоғамның әртүрлі топтарына бағытталған ақпараттық-ағартушылық қызметі сараланып, заманауи медиамәдениет талаптарына бейімделуі талданады. Сандық деректер негізінде сайттардың аудиториясы, іздеу жүйелеріндегі көрінісі мен қолданушылық белсенділігіне қатысты көрсеткіштер сипатталады. Авторлық талдау нәтижесінде ҚМДБ ресми сайттары діни институттың әлеуметтік легитимділігін нығайтуға, дәстүрлі исламды кеңінен насихаттауға және діни сауаттылықты арттыруға ықпал ететін негізгі тетік екендігі дәлелденеді.

Сонымен қатар зерттеу барысында діни басқарманың онлайн-коммуникация жүйесі тек ақпарат тарату құралы ретінде ғана емес, қоғамдағы рухани сұраныстарды қанағаттандырудың әмбебап платформасы ретінде сипатталады. Бұл жағдай діни білімнің қолжетімділігін арттырып, дәстүрлі ислам құндылықтарының цифрлық кеңістіктегі орнығуына ықпал ететін маңызды фактор екендігін көрсетеді.

https://doi.org/10.63727/ris202573-7
PDF