Аңдатпа
Бұл зерттеуде XIX ғасырдағы Үндістандағы мұсылман зиялыларының діни-модернистік ой-пікірлері қарастырылады. XIX ғасырдың ортасында Үндістандағы саяси және тарихи өзгерістер мұсылмандардың өзіндік реакциясын туындатты. Осы аяда үш негізгі бағыт қалыптасты: біріншісі өткен шақтағы мұсылмандық үстемдікті аңсап, діни дәстүрді күшейтуді ұсынды; екіншісі сопылық және мессиандыққа бет бұрды; үшіншісі – модернистер – исламды жаңа дәуірмен үйлестіруге ұмтылды. Модернистердің басты мақсаты дінді заманауи ғылым мен рационалды ойлау аясында қайта түсіндіру болды. Бұл бағыттың негізін қалағандар қатарында Сәйіт Ахмет Хан, Жамалуддин Афғани, Шибли Нумани сынды тұлғалар бар. Мақалада олардың Құранды тұрақты және өтпелі үкімдерге бөліп қарастыруы, хадистерге қатысты скептикалық ұстанымдары және исламды жаңа герменевтикалық тәсілдер арқылы қайта пайымдауға ұмтылыстары талданады. Сондай-ақ Шах Уәлиулланың реформаторлық идеялары мен Батыс ғылымының ықпалы үнді мұсылман модернизмінің басты факторлары ретінде қарастырылады. Қорытындысында діни модернизмнің мәні исламды тарихи тұрғыдан қайта түсіндіру, оның негізін уақыт талабына бейімдеу қажеттілігінен туындағаны айқындалады.


