Нұсқалар

PDF

Кілтті сөздер

Ғазали
ислам философиясы
этикалық құндылықтар
қоғам
кемел адам
сұхбат мәдениеті

Дәйексөздерді қалай жазу керек

Сандыбаев , Ж. . (2025). ҒАЗАЛИ ІЛІМІНДЕГІ АДАМ МЕН ҚОҒАМ: ЭТИКАЛЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАР ФИЛОСОФИЯСЫ. ИСЛАМТАНУ ЗЕРТТЕУЛЕРІ, 3(7), 4–14. https://doi.org/10.63727/ris202573-1

Аңдатпа

Бұл мақалада Әбу Хамид әл-Ғазалидің адам мен қоғам қарым-қатынасындағы этикалық құндылықтар философиясы кеңінен талданады. Ойшылдың «орта жол» қағидасы адамның табиғи құмарлықтары мен ашу күшін мүлдем жою емес, оларды ақылға бағындыру қажеттігін дәлелдейді. Ғазали жүректің тазалығы, еркіндік пен адамдық болмыстың мәні туралы терең ой қозғайды. Ол сұхбат әдебі, достық пен бауырмалдық, сапар мәдениеті, ұстаз бен шәкірт арасындағы байланыс сияқты қатынастардың рухани кемелденуге ықпалын айқындайды. Ғазали білім мен тәрбиенің бірлігін жеке тұлғаның дамуы мен қоғамдағы үйлесімнің басты тетігі ретінде қарастырады. Оның ілімі бойынша адам білім мен көркем мінезді игеру арқылы ғана қоғамға мейірім мен сүйіспеншілік дарытып, шынайы еркіндікке қол жеткізе алады.

https://doi.org/10.63727/ris202573-1
PDF