PDF

Кілтті сөздер

моральдық міндеттеме
иман
ахлақ
тәрбие
этика

Дәйексөздерді қалай жазу керек

Анарбаев , Н. ., & Ержан , Қ. . (2025). ӘЛ-ҚАСЫМ ӘЛ-ФАРАБИДІҢ «ХАЛИСАТУЛ ХАҚАЙҚ» ТРАКТАТЫНДАҒЫ МОРАЛЬДЫҚ МІНДЕТ КОНЦЕПЦИЯСЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ ТӘРБИЕЛІК МӘНІ. ИСЛАМТАНУ ЗЕРТТЕУЛЕРІ, 2(6), 88–100. https://doi.org/10.63727/ris202562-07

Аңдатпа

Бұл мақалада ортағасырлық ханафи ғалымы Әбул Қасым әл-Фарабидің/Фариаби (1130-1210) «Халисатул хақайқ» трактатындағы моральдық міндет ұғымының теориялық және практикалық негіздері қарастырылады. Әл-Фариаби еңбегінде моральдық міндеттің иманмен байланысы, оның рухани кемелдену мен тұлғалық дамудағы рөлі талданады. Ғалым оны ішкі рухани күш ретінде сипаттап, мінез-құлық пен әлеуметтік қарым-қатынасты реттеудегі маңызын көрсетеді.

Зерттеу барысында моральдық міндеттің категориялық мәні ислам ойшылдарының еңбектері негізінде зерделенеді. Атап айтқанда, Т. Ғабитов, Абдулла Драз, Шейх Надим әл-Жисри, Әбу Хамид әл-Ғазали және әл-Мауарди сынды ғалымдардың көзқарасы жүйелі түрде талданып, олардың моральдық міндетті анықтаудағы әдіснамалық тәсілдері салыстырмалы түрде сараланады. Сонымен қатар ислам философиясында моральдық міндеттің иман, ахлақ, жауапкершілік және парыз ұғымдарымен өзара байланысы анықталады.

Зерттеу моральдық ұстанымдардың қалыптасуына ықпал ететін ақыл, жауапкершілік, жақсылыққа шақыру және жамандықтан тыю қағидаларын талдап, ислам этикасының қоғамдық тұрақтылық пен тәртіпті сақтаудағы рөлін сипаттайды. Ортағасырлық ислам ойшылдарының моральдық міндетке қатысты концепцияларының діни және әлеуметтік аспектілері қатар қарастырылады.

Мақалада исламдық моральдық қағидалардың қазіргі қоғамдағы маңызы мен рухани-адамгершілік тәрбиедегі рөлі айқындалады. Зерттеу нәтижелері моральдық міндеттің тарихи, философиялық және діни контекстегі орны мен оның адам болмысын қалыптастырудағы маңызын ашып көрсетеді.

https://doi.org/10.63727/ris202562-07
PDF