PDF

Кілтті сөздер

үңгірдегі әулиелер
300 жылдық ұйқы
Құран Кәрім
ислам тарихы
ғажайып оқиға
философия
теология
уақыт

Дәйексөздерді қалай жазу керек

Дәкен , Е. ., & Қыдыр , Т. . (2025). «АСХАБ ӘЛ-КАҺФ» КОНЦЕПТІСІНЕ УАҚЫТ ЖӘНЕ ОРЫН ТҰРҒЫСЫНАН ИСЛАМТАНУЛЫҚ ТАЛДАУ. ИСЛАМТАНУ ЗЕРТТЕУЛЕРІ, 2(6), 68–87. https://doi.org/10.63727/ris202562-06

Аңдатпа

Мақалада ислам тарихында маңызды әрі ғажайып оқиға ретінде қарастырылатын «үңгірдегі әулиелердің 300 жылдық ұйқысы» зерттеледі. Бұл оқиға Құранның «Каһф» сүресінде баяндалып, исламдағы уақыт, өлім, қайта тірілу мәселелері метафизикалық және діни тұрғыда терең талданған. Зерттеуде әулиелердің үңгірде 300 жыл бойы ұйықтап қалуы тек діни сенім ретінде ғана емес, тарихи, философиялық және астрономиялық аспектілер тұрғысынан да қарастырылады. Исламның уақыт және тіршілік туралы ұстанымдары мен шариғат нормалары да өзекті. Қолданылған әдіс-тәсілдер ретінде тарихи контексті талдау, салыстырмалы дінтану мен философиялық концепцияларды пайдалану маңызды. Мақалада түрлі мәдени және діни көзқарастың салыстырмалы талдануы әлемдік мәдениет пен діни тарихтың өзара байланысын көрсетуге мүмкіндік береді. Қорытындысында, үңгірдегі әулиелердің ұйқысы тек діни мағынада ғана емес, қоғамдық және философиялық тұрғыдан да маңызды екені анықталады.

https://doi.org/10.63727/ris202562-06
PDF