Аңдатпа
Қоғам дамуына мол үлес қосу үшін әрбір адамның тұлғалық болмысының қалыптасуына аса маңызды фактор – исламдық білім негізінде тура жол көрсететін ұстаз қажет. Ислам ғылымдарының білім беру жүйесінің негізін қалаған Қытайдағы барша мұсылман ұстаздарының бірі – Шаньси провинциясының Сиань қаласының тумасы Ху Денчжоу есімді азамат. Мин әулеті кезінде ислам құлдырап, ғұламалар өте аз болды. Қытайдағы жергілікті мұсылмандар арасында ислам дініне қатысты кітаптар өте сирек болатын және әртүрлі тарихи себептен бөлек ол кезде Қытайдағы ислам екі негізгі сұраққа жауап іздеді. Біріншісі мұсылмандар арасында ислами уағызды өзгеріссіз жалғастыру керек десе, екіншісі исламды жергілікті қытайлар арасында қалай таратуға болады деген мәселе болды. Қытайдағы мұсылман ғалымдарының басым көпшілігі, соның ішінде Мұхаммед бин Абдулла бин Ілияс «ислам мәдениеті мен қытай мәдениетін өзара байытуға» бағытталған исламдық білім мен дәстүрлі қытай ілімін ислам мешіттерінде біріктірді және қытайлық мұсылмандардың көпшілігі үшін «ислам діні мен конфуцийшілдік арасындағы диалог» құру мәселесін қолдады.
Ал енді Мұхаммед Абдулла Ілияс негізін салған исламдық білім беру формасына келсек, ол әлі күнге дейін ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келеді.


