PDF

Кілтті сөздер

тасаввуф
сопылық
хуажаган нақшбандия тариқаты
нақшбандия ілімі
үнсіз зікір
«тамшылар» (рашха)
әлеуметтік белсенді сопылық

Дәйексөздерді қалай жазу керек

Рахимов , К. . (2025). ХУАЖАГАН-НАҚШБАНДИЯ ІЛІМІНІҢ НЕГІЗДЕРІ. ИСЛАМТАНУ ЗЕРТТЕУЛЕРІ, 2(6), 18–31. https://doi.org/10.63727/ris202562-2

Аңдатпа

ХІІ ғасырда Хуажа Абдулхалик Ғиждувани негізін қалаған хуажаган-нақшбандия тариқатының ілімі оның ізбасарлары арқылы жетілдіріліп, жетінші пірі – Хуажа Бахоуддин Нақшбанд дәуірінде толық қалыптасып, сопылық тарихында пайда болған ең дамыған әрі озық ілімдердің бірі саналады. Бұл ілім үш негізге сүйенеді: 1) шариғат пен сүннет, 2) үнсіз зікір (зікр-и хафи),        3) он бір «тамшы» (рашха): хуш дар дам, назар бар қадам, сафар дар ватан, хилват дар анджуман, ядкард, базгашт, нигахдашт, яддашт, вукуф-и замани, вукуф-и адади және вукуф-и қалби.

Аталған ілім Орталық Азиядағы жаңа және прогрессивті сопылықтың – әлеуметтік белсенді сопылықтың кең таралуына маңызды үлес қосты.

Сонымен қатар тариқаттағы шәкірттерді (мүридтерді) тәрбиелеудің орталықтандырылған және жүйелі әдісі оның ішкі тұрақтылығын қамтамасыз етіп, кең әрі жылдам таралуына себеп болды.

Осы мақала авторы ғиджуани мен нақшбанд арасындағы тариқаттың негізін қалаушылардың көзқарастары мен идеяларына сүйене отырып, хуажаган-нақшбандия тариқатының ілімдік негіздері мен тәрбиелеу әдістері туралы қорытындыларын қысқаша түрде ұсынады.

https://doi.org/10.63727/ris202562-2
PDF