Кілтті сөздер

ислам, дәстүрлі дүниетаным, түркі өркениеті, орта ғасырлар, рухани күрес

Дәйексөздерді қалай жазу керек

Женис Жомарт Женисулы. (2025). ОРТАҒАСЫРЛЫҚ ТҮРКІ МЕМЛЕКЕТТЕРІНДЕГІ РУХАНИ КҮРЕС ЖӘНЕ ИСЛАМ. ИСЛАМТАНУ ЗЕРТТЕУЛЕРІ, 2(02). алынды https://journal.nmu.edu.kz/index.php/ris/article/view/47

Аңдатпа

Ортағасырлық түркі мемлекеттерінің пайда болып, дамуына, олардың саяси-экономикалық және мәдени тұрғыда өсіп-өркендеуіне немесе құлдырауына діни-идеологиялық бағыттың өзгерісі де тікелей қатысты болды. Түркілердің дәстүрлі дүниетанымына негізделген көне нанымдары идеологиялық дағдарысқа ұшырағанда Ұлы Жібек жолы арқылы түркі даласына енген әртүрлі наным-сенімдер мен әлемдік діндер, оның ішінде ислам да түркі қоғамынан өз орнын табуға әрекет етті. Аталмыш тақырыпқа қатысты зерттеулер тобына талдау жасағанда ең алдымен Қазақстан ғалымдарының жұмыстарына талдау жасау қарастырылады. Түркі мемлекеттілігінің сабақтас жалғасы болып есептелетін Қазақ мемлекетінің тарихы, қазақ халқының мемлекеттілігі кеңес кезіне дейінгі кезеңде де, кеңес дәуірінде де, казіргі тұста да біршама зерттеушілердің зерттеу нысанына айналып келді. Бұл зерттеу жұмысында дәстүрлі және жаңа тәсілдерді біріктіре отырып, кешенді зерттеу әдісін пайдаландық. Сонымен бірге дәстүрлі дүниетаным, дін және идеологиялық күрес сияқты күрделі мәселелерді қарастыру үшін пәнаралық зерттеу тәсілін де қолдандық. Ұсынылып отырған мақаланың маңызы қазіргі қоғамдағы рухани күрес жағдайында ислам дінінің өміршеңдігі мен қазақ халқының рухани болмысымен тарихи сабақтастығын көрсету.