Аңдатпа
Шариғи жалпы қағидалар мен ішінара дәлелдерді біріктіру шариғат мәтіндерімен жұмыс істеуде маңызды қағида. Бұл мақалада «шариғаттың жалпы қағидалары мен жекелеген мәселелерін біріктіру» қағидасы тұжырымдалып, оны ішінара дәлелдермен жұмыс істеудегі маңыздылығын көрсету және бұл қағиданың исламдық құрылымдағы орнын анықтау, сондай-ақ ислам шариғатының көркемдігі мен кемелдігін түсінуге деген қажеттілігімізді көрсету мақсатында жазылды. Бұл шариғатты түсіндіру Әбу Исхақ аш-Шатибидің «әл-Муәфақат» және «әл-Иғтисам» атты екі еңбегі аркылы қарастырылды. Зерттеуші шариғаттың жалпы қағидалары барлық шариғат үкімінің негізі екенін және оларға барлық усул қағидасы мен фиқһ ереже сүйенетінін, олардың уәжі нақты, үкімі жүйелі әрі анық болатынын дәлелдеді. Жалпы қағидалар мен ішінара мәселелерді біріктіру ижтихад үдерісінде негізгі қағида, өйткені олар бірін-бірі толықтырады. Кімде-кім жалпы қағидалардан бас тартып, тек ішінара дәлелдермен шектелсе, қателеседі және керісінше.


