Аңдатпа
Ислам дінінің Орталық Азияның барлық аймақтарына кең етек жаюында Мауараннахр аймағы, соның ішінде, Самарқан мен Бұхарадағы діни, ғылыми орта үлкен рөл ойнаған. Аталмыш ғылыми ошақтарда қалыптасқан діни дүниетаным мен діни-ғылыми мектеп кейіннен Орталық Азияның барлық аймақтарына, тіпті, Қытай және Үнді жеріне дейін кеңінен тарап, Исламды қабылдаған халықтардың діни танымына едәуір ықпал етті. Дегенмен бұл аймаққа тән өзіндік діни танымның қалыптасуы әрі оның ғылыми тұрғыдан негізделуі бірден болған жоқ. Мұндай күрделі үрдістің бірнеше ғасырға созылғандығы тарихи шындық. Міне осы тарихи құбылыстың бастауында тұрған тұлға имам Әбу Мансур әл-Матуридидің ислам өркениетіне қосқан зор үлесін пайымдап, зерделеу біз үшін зор міндет болмақ.


