Аңдатпа
Саманилер әулетінің билігі түркі ғұламдарды (мәмлүктерді) баста әскери салада пайдаланылған еріксіздер уақыт өте келе мемлекеттік құрылымның әлеуметтік- иерархиялық сатысында мәнді құбылысқа айналған. Орта ғасырлардағы ислам тарихында, халифаттың саяси өмірінде де сандаған ғасыр бойы ғұламдардың (мәмлүктер) институты өзіндік рөл атқарған. Зерттеудің мақсаты – жаңа дербес мемлекет құрып, қалыптастырудағы, ислам дініне дем беріп, қанатын жаюдағы елеулі фактор ғұламдардың саяси қызметін саралау. Жұмыста Низам әл-Мүлік Әбу Әли әл-Хасана ибн Әли ибн Исхақ әт-Тусидің (1018-1092) «Сиасатнамасындағы» тақырыпқа қатысты деректер аударылып беріліп, басқа мәліметтермен салыстырыла сараланады. Нысанаға байланысты араб, түркі, ағылшын, т.б. тілдердегі зерттеулер пайдаланылған. Мақалада орта ғасырлардағы тарихи оқиғаларға, мәмлүктік құбылысты мысалмен дәйектеуге, өзіндік сыр-сипаты мен мән- маңызына үңіліп, анықтауға талпыныс жасалды. Жүйелі баяндау, жинақтау, салыстыру, түйіндеу әдістері қолданылды. Ғазнауи сұлтандығының дүниеге келіп, дамуындағы ерекше тұлғалар Алыптегін (963 ж.қ.б.), Сәбүктегін (997 ж.қ.б.), Махмұд Ғазнауиге (971- 1030) тоқталып, сіңірген еңбектері бағамдалды. Зерттеу орта ғасырлардағы мәмлүктік құбылыстың тарих сахнасына шығуының алғышарттарын, бастау негіздерін анықтауға көмектеспек. Жұмыс түркілік ислам мемлекеттерінің құрылуына қатысты ғылыми ізденіс аясын кеңейтіп, осыған байланысты мәліметтерді жинап, талдаумен, ой түйіндеулерімен бағалы. Мақаланың шығыстану, орта ғасырлардағы Орта Азия мен Шығыс елдері тарихын, ислам тарихын зерттеуде, оқытуда теориялық-тәжірибелік тұрғыдан пайдасы тимек.


