Аңдатпа
Аллаға шақыру – Исламды тарату мен оның үкімдері мен әдебін адамдарға жеткізудің ең маңызды құралдарының бірі екені даусыз. Бұл зерттеу Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) мұсылман еместерді Исламға шақыру барысында қолданған шешендік ерекшелік- терін көрсетеді.
Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) дағуаты даналыққа және көркем насихатқа негізделген. Ол шақырылатын адамға қарай дағуаттың лайықты әдістерін таңдаған. Мұндай әдістер патшаларға, халықтарға немесе жекелеген адамдарға бағытталған, мейлі олар мүшіріктер болсын, мейлі кітап иелері болсын, әртүрлі болып келген. Мәселен, ол Рим патшасы Гера- клға Исламға шақыру хатын жазған. Сондай-ақ, Мұғаз ибн Жәбәлді (р.а.) Йемен халқына Исламға шақыру, Алланың заңдарын жеткізу және Ислам дінінің үкімдерін үйрету үшін жіберген. Тіпті, өз көкесі Әбу Тәліпті Исламға шақырып, оның тура жолға түсуін өмірінің соңғы сәтіне дейін қалаған.
Зерттеу жұмысы кіріспе, үш тарау, қорытынды және көрсеткіштерден тұрады:
Кіріспе: Бұл бөлімде тақырыптың маңыздылығы, оны таңдаудың себебі және зерттеу әдісі талқыланды.
Бірінші тарау: Пайғамбардың (с.ғ.с.) патшалар мен әмірлерді шақырудағы шешендігі. Екіншітарау:Пайғамбардың(с.ғ.с.)халықтарды(ұжымдықдағуат)шақырудағышешендігі. Үшінші тарау: Пайғамбардың (с.ғ.с.) жеке адамдарды (жекелеген дағуат) шақырудағы шешендігі.

