Аңдатпа
Бұл мақалада исламдағы иджтиһад түсінігі туралы Жәдид мектебі өкілдерінің көзқарастары қарастырылады. Иджтиһад – діни дәлелдерден шариғи үкім шығару үшін барлық ғылыми күш-жігерін жұмсау әрекеті. Иджтиһад жасай алу үшін Құран, Сүннет, қияс, ижма сияқты барлық мәліметтерді, сонымен қатар олардың барлық бөлшектері мен нәзік тұстарын білу міндетті. Иджтиһад – асыл дініміздің ең үлкен қасиеттерінің бірі. Иджтиһад арқылы өмір сахнасында туындайтын барлық оқиғалардың үкімі анықталады. Жәдидшілер дәстүрлі шариғи ілімдер мен инновациялық білімнің біртұтастығы туралы идеяны жақтай отырып, жаңаша формада діни ілімдерді түсіндіріп, қоғамдағы діни түсініктер мен білімінің артуына ықпал етуге ұмтылды. Мақалада Жәдид мектебі өкілдерінің иджтиһадтқа қатысты анықтамалары мен қазіргі қоғамдағы заманауи біліммен үндестігі туралы ұсынған тұжырымдары кешенді талданады. Сонымен қатар, Жәдидшілер иджтиһад тек фиқһтың мәселелерге ғана емес, білім беру мен тәрбиені реформалауға, қоғамдық және мәдени өмірді жаңартуға ықпал ете алады деген көзқарасты дамытты. Ғылыми ізденіс барысында нақты тарихи мәліметтерге, классикалық және жаңа парадигмаларға нақты талдау жасалынған.


