Кілтті сөздер

әл-Фараби
түркі философиясы
дін мен ақыл
адамгершілік
ізгі қоғам
Фараби
ойлау жүйесі
түркі ислам өркениеті

Дәйексөздерді қалай жазу керек

Кенжетаев , Д. . (2025). ТҮРКІ ИСЛАМ ӨРКЕНИЕТІНІҢ РУХАНИ ЖҮЙЕСІНДЕГІ ӘЛ-ФАРАБИ КОНЦЕПЦИЯСЫ. ИСЛАМТАНУ ЗЕРТТЕУЛЕРІ, 4(08). https://doi.org/10.63727/ris202584-9

Аңдатпа

Бұл мақалада түркі-ислам өркениетінің данасы, ұлы ойшыл Әбу Насыр әл-Фарабидің философиялық және діни көзқарастары талданады. Зерттеу барысында оның түркі-ислам философиясына қосқан үлесі мен орны қарастырылады. Герменевтикалық және салыстырмалы әдістер негізінде әл-Фарабидің ақыл мен логика, сенім мен таным, ғылым мен дін үйлесімі туралы идеяларының қазіргі заманғы маңызы анықталады. Мақалада ойшылдың қайырымды мемлекет концепциясындағы адамның рухани кемелдік құндылықтары мен философиялық мәні сабақтастырылады. әл-Фараби туралы бүгінгі жаңаша тұжырымдар қайта қарастырылады.  Соның нәтижесінде оның метафизикалық, теологиялық және болмыстық тұжырымдарына баға беріледі. Және сонымен қатар Фарабидің ойлау жүйесі, туған жері туралы, философиялық мұрасының құны туралы қысқаша тұжырымдалады.

https://doi.org/10.63727/ris202584-9