Аңдатпа
VII-VIII ғасырларда ислам дінінің Орталық Азия мен Қазақстан аумағы- на келуі халықтың рухани дамуы мен өркендеуіне тікелей байланысты болды. Исламды түркі мемлекеттері алғашқылардың бірі болып қабылдау, Құранды зерттеу және Қасиетті кітаптың құндылықтарын ұстану мемлекеттің берік іргетасын қалыптастырудың кепіліне айналды.
Алайда, өкінішке қарай, XIX ғасырдағы патшалық Ресейдің отарлық саясаты және кейінгі 70 жыл бойы біздің жерімізде үстемдік еткен коммунистік кезең ислам дінінің негіздерін айтарлықтай әлсіретті. Бұл кезеңде дін кеңестік биліктің қатаң әкімшілік-ко- мандалық жүйесі тарапынан қудалауға ұшырап, нәтижесінде ислам діні өзінің ықпалын жоғалтып, оның тарихы халық жадынан өше жаздады.
Бүгінгі таңда бұл мәселеге шынайы көзқараспен қарап, оның қудалануының меха- низмін ашық әрі әділ зерттеу уақыты келді. Кеңес дәуіріндегі тарихи және рухани ескерт- кіштерді жою саясаты қоғамның рухани және интеллектуалдық деңгейінің күрт төмен- деуіне алып келді. Большевиктік партия ислам дінін қазақ ауылдарына өз идеологиясын енгізуге басты кедергі ретінде қарастырып, оны «ескі дәстүр» деген желеумен қысқа мерзімде жоюға кірісті.
Бұл мақсатта олар тек зорлық-зомбылық әдістерін қолданды, өйткені олардың иде- яларының жүзеге асуы мүмкін емес қиял еді. Ал исламтанушылар терең білімді, әділет пен адалдықты жақтаушылар ретінде әділетті қоғам үшін күресіп, большевиктер үшін тек бәсекелес қана емес, сонымен қатар қоғамды ұйыстырып, тәрбиелеуші күшке айналды.
Кеңестік тоталитарлық жүйе дінге қатысты ерекше қатыгездік танытып, жеке адам- ның рухани әлеміне араласып, барлық адамгершілік қағиданы елемеді. Мешіттердің жа- былуы, тарихи ескерткіштердің жойылуы, молдалар мен имамдардың қудаланып, физи- калық жойылуы Қазақстандағы исламның ұйымдастырушылық және мобилизациялық негізін әлсіретті. Қазақтардың өмір салтының өзгеруі діни дәстүрлердің жойылып, қазақ халқының атеистік дүниетанымының қалыптасуына ықпал етті.


