Аңдатпа
Мақалада қазақ руханиятының көрнекті өкілі – Ақыт Үлімжіұлының ақырет ұғымына қатысты теологиялық көзқарасы қарастырылады. Ақыт Үлімжіұлы – діни-ағарту бағытындағы шығармаларымен танымал болған ақын, ойшыл және діни ағартушы. Оның мұраларында исламдық дүниетаным мен ұлттық құндылықтар үндестігі көрініс тапқан. Ақын шығармаларындағы ақыретке байланысты ой-толғамдар ислам теологиясы қағидатына негізделіп, адамның өмірлік мақсаты мен рухани ізденісін терең түсіндіруге бағытталған.
Мақалада ақынның өлеңдеріндегі ақырет ұғымы мен оның діни-рухани құндылықтарға негізделген философиялық көзқарастары талданады. Сондай-ақ оның шығармашылығының исламдық ілім мен қазақ халқының дәстүрлі дүниетанымымен байланысы көрсетіледі. Зерттеу барысында мәтіндік талдау және теологиялық салыстыру әдістері қолданылып, ақын мұрасының бүгінгі заман үшін өзектілігі мен маңыздылығы анықталады.


