PDF

Кілтті сөздер

рухани
материалдық
даму
этникалық топ
гармония
дисгармония
үлгі
құқық
дүниетаным
демоэтика
демография
демократия және экономика

Дәйексөздерді қалай жазу керек

Баймұратов . أ. (2025). ИСЛАМИ ГАРМОНИЯ НЕГІЗІНДЕ ЭТНОСТЫ САҚТАП КЕШЕНДІ ДАМЫТУДЫҢ ҒЫЛЫМИ ЗАҢЫН АШУ. ИСЛАМТАНУ ЗЕРТТЕУЛЕРІ, 1(05). https://doi.org/10.63727/ris202551-8

Аңдатпа

Мақалада автордың ғылыми жаңалығы атап өтілген. Сонымен бірге дүниедегі «үйлесім мен дисгармонияның» екі жақтылығы, бір мезгілдегі рухани және материалдық категориясы қарастырылады. Рухани дүниетанымға ерекше көңіл бөлінеді. Адам өмірінің мақсаты – Жаратушымыз белгілеген өмірді тану және сынақтарынан сәтті өту. Бұл адамға мәңгілік өмір мәніне үміттенуге мүмкіндік береді.

Гармония ұғымының гуманитарлық ғылымдар үшін үлкен әдістемелік мәні бар. Жеке адам мен қоғам өмірінің екі формасына салыстырмалы талдау берілген. Гармонияны сақтаудың рөлі, оның заңдары, соның ішінде осы жаңадан ашылған заң туралы айтылады. Үйлесімділік – қоғамның әртүрлі саласындағы шынайы руханилық пен адамгершілікке негізделген іргелі байланыс, бірлік.

Гармония моделі – (D+D3) формуласы бойынша негізгі саланың қоғамның басқа үш саласымен (демография, демократия және демо-экономика) жүйелі үйлесімі. Осы салалардың біреуінің болмауы немесе артта қалуы дисгармония мен руханилықтың жоқтығын білдіреді. Үйлесімділікте жеке адамның ақылға қонымды материалдық және материалдық емес қажеттіліктері мен тілектерінен шынайы рухани қажеттіліктердің басым болуының экономикалық заңы бар.

https://doi.org/10.63727/ris202551-8
PDF