Аңдатпа
Мақалада ортағасырлық мұсылман ойшылы Әбу Хамид әл-Ғазалидің ғылым мен танымның қайнар көзі туралы көзқарасы талданады. Ғазали ислам әлеміне, әсіресе сопылық дәстүрге үлкен ықпал еткен тұлға ретінде қарастырылады. Ол сопылықты ақиқатқа жету жолы ретінде бақылап, оны шынайы ықылас және тақуалықпен байланыстырды.
Ғазали білімнің қайнар көзі ретінде алдымен Құран мен хадисті мойындады. Сонымен қатар ол ақыл мен түйсіктің шектеулі екенін атап өтіп, шынайы білімге жету үшин «кәшф» (аян, жүрекке салынатын нұр) әдісін ерекше бағалады. Ғазали философияның тек ақылға сүйенетін бағытын сынға алып, мутакаллимдер мен кейбір сопылардың да шектен шығуын атап көрсетті. Ол білімді тек ақылмен ғана өлшеуге болмайтынын, керісінше, ақыл мен уахидің (Құдайдан түскен аян) үйлесуі маңызды екенін дәлелдеді.
Ойшылдың бұл көзқарасы оның замандастары арасында түрлі пікірталас тудырды. Кейбіреулер оны адасты деп айыптаса, көпшілігі оны ислам ғылымының беделді өкілі ретінде танып, «Хужжатул-Ислам» (Исламның дәлелі) атағын берді. Мақалада осы мәселелер жан-жақты қарастырылып, Ғазалидің танымдық әдіснамасының ерекшелігі көрсетіледі.


