Аңдатпа
Бұл мақалада әділдік принципі және оның мүліктік қатынаста жүзеге асырылуы қарастырылады. Зерттеу ислам құқығының маңызды бағыттарының бірі – ханафи мазхабының призмасы арқылы жүргізілген.
Зерттеудің негізгі мақсаты – ханафи мазхабы аясында әділдік концепциясын талдау және оны мүліктік қатынастарды реттеуде қолдану.
Жұмыс барысында ислам құқығында бекітілген әділдік қағидаттарының теориялық аспектілері қарастырылып, олардың қазіргі заман жағдайына бейімделуіне ерекше назар аударылды. Салыстырмалы талдау әдістері мен діни мәтіндерді интерпретациялау тәсілдері қолданылды, бұл аталған принциптердің әмбебаптығы мен өзектілігін айқындауға мүмкіндік берді.
Зерттеудің негізгі нәтижелеріне келісімшарт міндеттемелері, мұрагерлік құқық және мүліктік дауларды реттеуге қатысты нормалар талданды.
Ханафи мазхабының қағидаттары тараптар мүдделерінің теңгерімін сақтауға, әлсіз топтарды қорғауға және әділетсіз баюдың алдын алуға қалай ықпал ететіні көрсетілді.
Бұл зерттеу ислам құқықтық теориясын дамытуға және оны қазіргі заманғы әлемде қолдануға үлес қосады. Оның практикалық маңызы көпұлтты және көпконфессиялы қоғамдағы мүліктік қатынастарды үйлестіруге көмектесетін қорытындылар ұсынуында.
Ислам құқығы, әсіресе ханафи мәзһабы, өзінің нормаларының әмбебаптығы мен икемділігі арқасында қазіргі әлемде өзекті болып қала береді. Оның негізінде жатқан әділеттілік қағидасы – мүліктік, экономикалық және әлеуметтік қатынастарды реттеудің маңызды құралы.
Тақырыптың өзектілігі ханафи мәзһабы нормаларының қазіргі көпмәдениетті қоғамда, яғни діни және зайырлы құқықтық жүйелер өзара әрекеттесетін ортада бейімделу қажеттілігімен түсіндіріледі. Зерттеу осы бейімделу ерекшеліктерін анықтауға, ғаламдану жағдайындағы нормалардың қолданылуын талдауға және көпұлтты мемлекеттегі құқықтық қатынастарды үйлестіру үшін олардың маңызын негіздеуге бағытталған.
Жұмыс ислам құқықтанушыларының классикалық еңбектерін және заманауи зерттеулерді зерделеуге негізделген, бұл ислам құқықтық нормаларын қазіргі басқару және реттеу жүйелеріне ықпалдастырудың жаңа тәсілдерін ұсынуға мүмкіндік береді.


