Аңдатпа
Зерттеу жұмысында ағза доноры ислам шариғаты тұрғысынан талданады. Заманауи медицинаның жетістігі арқылы адам өмірін сақтап қалу үшін ағза алмастыруды қажет етеді. Алайда бұл мәселеде шариғат қорытындысы маңызды. Шариғат бойынша адамның денесі – Алланың мүлкі, сондықтан оның бөліктерін қолдану діни тұрғыдан өте нәзік мәселе болғандықтан шариғи тұрғыдан сараптама жасауды қажет етеді.
Зерттеуде ағза донорының исламдық қағидалары мен этикалық нормалары қарастырылады. Ислам дінінде адамның өмірі мен денсаулығына ерекше мән беріледі, ал ағзаны донорға беру мақсаты – басқа адамның өмірін сақтау. Сонымен қатар осы тақырыпқа қатысты ислам ғалымдарының түрлі пікірі, фиқһ мәселесінде ағзаны донорға беруге рұқсат етілетін шарттар талданады.


