Аңдатпа
Исламда дағуат құбылысы негізінен әдіс-тәсілдермен анықталады. «Әдіс» – бір мақсатқа немесе белгілі бір нәтижеге жету, бір үдерсті, бір істі, бір шара-ны соңына жеткізу, бір жұмысты атқару, бір істі аяқтау үшін саналы түрде ақылға сай жүгінетін жол деген сөз. Дін насихатында адам мен қоғамға оң ықпал ету үшін үйрету мен тәблиғ ісін жоспарлы әрі белгілі бір әдіс-тәсілдерге сүйене отырып жүргізген абзал. Сондықтан бұл мақалада дін насихатына қатысты әдіс-тәсілдердің маңызы Құран аяттарымен, Пайғамбар (с.а.с.) хадистерімен және ғалымдардың сөздерімен дәйектеліп түсіндіріледі. Бүгінгі күн жағдайына, әлеуметтік ортаның ерекшелігіне, тыңдаушының іс-әрекетіне мұқият қарай отырып жүйелі, жоғары деңгейлі әрі саналы дағуат әдіс-тәсілдерін қолдану қажеттігі жан-жақты баяндалады. Дінді насихаттау ісінде тыңдаушыға сіңірілуі тиіс тақырыпқа сай насихат пен оқу әдістері, ұстанымдар мен тәсілдер, жұмсақ сөйлеу арқылы тыңдаушының денгейіне сай дінді сатылап жеткізудің маңызы түсіндіріледі.


