Дәйексөздерді қалай жазу керек

Аманқұл , Т. ., Дәуренбек, Н., & Бағашаров , Қ. . (2025). ҚАЗАҚ ДАЛАСЫНДАҒЫ ИСЛАМДЫҚ МҰРАГЕРЛІК НОРМАЛАРЫ ЖӘНЕ БИЛЕР СОТЫ ТӘЖІРИБЕСІ: ҚАЗАҚ ДАЛАСЫНДАҒЫ ИСЛАМДЫҚ МҰРАГЕРЛІК НОРМАЛАРЫ ЖӘНЕ БИЛЕР СОТЫ ТӘЖІРИБЕСІ. ИСЛАМТАНУ ЗЕРТТЕУЛЕРІ, 4(08). https://doi.org/10.63727/ris202584-4

Аңдатпа

Аннотация. Бұл мақалада қазақ даласындағы мұрагерлік институтының тарихи қалыптасуы, оның ислам шариғатымен өзара ықпалдасуы және билер сотының практикасында көрініс табуы кең көлемде қарастырылады. Зерттеуде ең алдымен Құран мен сүннетке негізделген ислам мұрагерлік құқығының негізгі қағидалары баяндалып, әйелдер мен балалардың мұраға қатысу құқығы, фард үлестерінің белгіленуі, өсиет шектеулері және жетім-жесірдің ақысын қорғау сияқты маңызды аспектілер талданады. Осыдан кейін көшпелі қазақ қауымында қалыптасқан әдет-ғұрыпқа сүйенген мұрагерлік тәртібі – кенже ұлдың қара шаңырақты мұрагерлеуі, қыз баланың жасау арқылы енші алуы, әмеңгерлік институтының рөлі және рулық мүлікті сақтаудың маңызы – салыстырмалы түрде зерттеледі. Билер сотының мұрагерлік дауларды шешу тәжірибесі арқылы шариғат нормаларының қандай жағдайларда қолданылып, қалай бейімделгендігі анықталады. Мақала қазақтың құқықтық мәдениетінде исламдық құқық пен дәстүрлі адаттың бірін-бірі толықтыра отырып дамығанын, олардың ортақ құндылықтары мен кейбір айырмашылықтары қоғамның құқықтық санасына ұзақ мерзімді әсер еткенін көрсетуге бағытталған. Зерттеу нәтижелері тарихи құқықтық тәжірибені қазіргі заманда түсіну үшін маңызды ғылыми маңызға ие.

Кілт сөздер: ислам мұрагерлік құқығы, әдет-ғұрып құқығы, билер соты, мұрагерлік институты, қазақ қоғамы, шариғат нормалары, Жеті жарғы, жетім-жесір құқығы, мұра үлесі.

https://doi.org/10.63727/ris202584-4