PDF

Кілтті сөздер

Інжіл
Құран
меншік
әділеттілік
меншік институты
христиан
ислам

Дәйексөздерді қалай жазу керек

Альмухаметов A., & Мелисова B. (2024). ХРИСТИАН (КАТОЛИЦИЗМДЕ) ЖӘНЕ ИСЛАМДАДАҒЫ (СУННИЗМДЕ) МЕНШІК ҚҰҚЫҒЫНА САЛЫСТЫРМАЛЫ ТАЛДАУ. ИСЛАМТАНУ ЗЕРТТЕУЛЕРІ, 3(03), 125–142. https://doi.org/10.63727/ris202433-10

Аңдатпа

Бұлмақалада әлемдік діндер ретінде христиан және исламдағы меншік түсінігінің салыстырмалы теологиялық талдауы ұсынылып, қарастырылған. Бұл тақырып қазіргі таңда өте өзекті, өйткені осы діндер арасындағы келіспеушіліктер артып келеді. Осыған байланысты, өзара түсіністікке ықпал ететін ғылыми зерттеулерге сұраныс жоғары. Меншік қатынастары социоэкономикалық және құқықтық табиғатқа ие. Меншік иелері өндіріс, тарату, айырбас және шектеулі ресурстар мен материалдық активтерді пайдалану кезінде туындайтын қатынастар социоэкономикалық және меншік қатынастары ретінде ұқсас түрде көрінеді. Сондықтан меншік қатынастарының қалыптасуы мен дамуы, сондай-ақ заманауи қоғамдағы оның институционалдық реттеу механизмдерінің тиімділігі маңызды. Мақалада осы мәселе бойынша әртүрлі теориялық және әдістемелік тәсілдер сипатталып, бағаланды. Бұл зерттеудің жаңалығы жүйелі салыстырмалы талдауға негізделген маңызды теологиялық еңбектердің тапшылығында жатыр. Мақала негізінен Інжіл мен Құран мәтіндеріне сүйенді, католицизмді халықаралық қатынастардағы ең белсенді христиандық бағыт ретінде, ал ханафи мазхабын сунниттік бағытты мұсылмандарының басым мектебі ретінде қарастырады. Мақала меншік мәселесінің қалыптасуы мен дамуын талдау христиандық және исламдық сананың меншік пен байлыққа қатысты құндық мазмұнының себептерін, көздерін және ерекшеліктерін түсінуге мүмкіндік береді.

https://doi.org/10.63727/ris202433-10
PDF