Аңдатпа
Андатпа. Қазақстан аумағындағы исламнан кейінгі екінші ірі діни конфессия болып табылатын православие дінінің келуі, қалыптасуы және даму тарихы қарастырылған. Мақалада XIX ғасырдың ортасындағы әскери бекіністер мен орыс қоныстарының ірге тебуінен бастап, қазіргі кезеңге дейінгі негізгі тарихи белестерге талдау жасалады. Зерттеуде Түркістан епархиясының құрылуы (1871), шіркеу сәулетінің дамуы (Вознесенск кафедралды соборы) және кеңестік кезеңдегі дінге қарсы қуғын-сүргін мен Екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі «жылымық» кезеңінің ерекшеліктері баяндалған. Ерекше назар Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейінгі православие шіркеуінің қайта өрлеуіне, оның заңнамалық мәртебесіне және қоғамдағы рухани-мәдени рөліне аударылған. Қазіргі таңдағы Өңірлік митрополиялық округтің құрылымы, он епархияның қызметі, сондай-ақ шіркеудің әлеуметтік-қайырымдылық және білім беру саласындағы бастамалары туралы нақты деректер келтірілген.


