Аңдатпа
Мақалада иудаимздегі адам өмірі мен ар-намыс құндылықтарының теологиялық және құқықтық негіздері қарастырылады. Зерттеу барысында Таурат, Талмуд және раввиндік әдебиеттердегі адам өмірінің қасиеттілігіне қатысты қағидалар талданып, адамның Құдай бейнесінде жаратылғаны туралы ілімнің этикалық салдары айқындалады. Сондай-ақ «өлтірме» өсиеті негізінде адам өмірін қорғау принципі, адам ар-намысын сақтау және қоғамдағы моральдық жауапкершілік мәселелері қарастырылады. Мақалада яһудилік құқықтағы адам өмірін қорғауға бағытталған нормалар, соның ішінде кісі өлтіруге тыйым, адамның абыройын қорлау мен қоғамдық масқаралауға қатысты шектеулер талданады. Зерттеу нәтижелері яһудилік дәстүрде адам өмірі мен ар-намысының жоғары құндылық ретінде қарастырылатынын және бұл қағидалардың діни-этикалық жүйеде маңызды орын алатынын көрсетеді.


