PDF

Кілтті сөздер

Құран
сүннет
ижмағ
сахабаның сөзі
шариғат масдары
үкім
дәлел

Дәйексөздерді қалай жазу керек

Мухитдинов, Р., & Құлахметов , Ә. (2024). «САХАБА» СӨЗІ ШАРҒИ МАСДАР РЕТІНДЕ. ИСЛАМТАНУ ЗЕРТТЕУЛЕРІ, 4(04), 23–32. https://doi.org/10.63727/ris202444-3

Аңдатпа

Мақалада шариғат масдарлары және оның түрлері жайында қысқаша мағлұматтар берілді. Масдарлар шығу тегіне, қуаттылығына, олардың үкім шығару кезінде қолданылу тәртібіне қарай түр-түрге бөліп қарастырылды. Солардың ішінде сахабаның сөзі (шарғи үкім шығаруға екінші дәрежелі дәлелдің бірі) тақырыбына кеңінен тоқталып, оның шариғаттағы орны айтылды. Бұл сөзді үкім шығару кезінде дәлел көзі болатынын алға тартқан ғалымдар мен оларға қарсы жауап айтқандардың сүйенген айғақтарына ретроспективті талдау жүргізілді. Әйгілі төрт мәзһабтың бұл тақырып аясындағы әрқайсының өзіндік алған орны жайында айтылып, олардың ұстанымдары анықталды. Атап айтқанда, мәлики мен ханбали фиқһ мектептерінде бұл масдардың маңыздылығы мен үкім шығару кезінде жүгіну тәртібі қарастырылды. Танымал ғалымдардың сахаба сөзіне қатысты ойлары мен берген анықтамалары қамтылып, аражігі талданды. Ижмағ сукутидің мағынасы ашылып, тақырыппен байланысы және ғалымдардың бұл тұрғысынан әртүрлі пікірде болғандығы баяндалды. Сонымен қатар сахабаларға қатысты келген белгілі бір хадиске қатысты ғылыми ортадағы көзқарастарға талдау жасалды.

https://doi.org/10.63727/ris202444-3
PDF