PDF

Кілтті сөздер

Игнац Гольдциер
Muslim studies
мораль
адамгершілік
дін
араб
жаһилиет

Дәйексөздерді қалай жазу керек

Қасымханова, А., & Жамашев, А. (2024). ИГНАЦ ГОЛЬДЦИЕРДІҢ «MUHAMMEDANISCHE STUDIEN» (MUSLIM STUDIES) ЕҢБЕГІНДЕГІ ЖАҺИЛИЕТ ПЕН ИСЛАМ АРАҚАТЫНАСЫНДАҒЫ МОРАЛЬ МӘСЕЛЕЛЕРІ. ИСЛАМТАНУ ЗЕРТТЕУЛЕРІ, 3(03), 43–54. https://doi.org/10.63727/ris202433-4

Аңдатпа

Адамгершілік және дін – күніміздегі өзекті мәселелердің бірі. Шығыстанушы Игнац Гольдциер де бұл мәселені өзінің назарынан тыс қалдырмаған. «Muhammedanische studien» (Muslim studies) атты еңбегінің бірінші тарауындағы «Muruwwa and din» (адамгершілік және дін) деп аталатын шағын кіріспеде исламға дейінгі және ислам діні келген уақыттағы арабтардың адамгершілік өлшемін сипаттап, оның ислам дініне шақыра бастаған уақытта бұл шақыруды қабыл алуға қаншалықты жарамды екендігін сөз етеді. Батыс назарында теңдессіз ғалым саналатын И. Гольдциер мұсылман ғалымдары арасында ислам іліміндегі деректерге және тұлғаларға қатысты түрлі сын-пікірлер жазған ориенталист ретінде танымал. Бұл «Muruwwa and din» (адамгершілік және дін) атты тарауда да И. Гольдциердің аталмыш әдісін қолданғанын көруге болады. Бұл мақалада И. Гольдциердің исламға дейінгі және ислам діні келген уақыттағы арабтардың адамгершілік өлшеміне жасаған сипаттамаларына және кейбір деректерге қатысты сыни ойларына талдау жасалып, жауап беріледі.

https://doi.org/10.63727/ris202433-4
PDF