Аңдатпа
Ханафи мәзһабы – сүнниттік фиқһ мектептерінің бірі. Әбу Ханифа деген атпен белгілі және аталған мәзһабтың негізін қалаушы болып саналатын Нуғман ибн Сабит бүкіл Ислам әлеміне «Имам әл-Азам», яғни ең үлкен имам деген құрметті атқа ие болған мухтаһид ғұлама. Исламда шариғи мәселелерге үкім беруде ақыл мен ойға баса басымдылық беретін бағыт ретінде Әбу Ханифа мәзһабының орны ерекше. Ханафи мазһабы Аббасидтер, Селжұқтар және Османлы мемлекеттері билеген барлық елдерге кеңінен тарады. Бүгінде дүние жүзіндегі мұсылмандардың жартысынан көбі, соның ішінде көптеген сүннит мұсылмандары Ханафи мәзһабын ұстанады. Ханафи мәзһабындағы үкім беруідің ерекше бір жолы – Рай (ақыл-ой). Бұл көзқарасын алғаш қолданған ғалым Абдулла ибн Масғуд болды. Бұл көзқарасты кейінірек Әлқама (62/682), Ибраһим ән-Нахай (96/714), Хаммад ибн Сулайман (120/737) жалғсытырды. Әбу Ханифа (150/767) Әһли Рай көзқарасын тереңдете түсті. Оның Рай көзқарасы Иржа көзқарасымен біріктіріліп, Ислам әлемінде құрметті беделге қол жеткізді. Бұл мақаламызда Әбу Ханифаның өмірі мен Иржа/Рай көзқарасын Хорасан мен Мауараннаһр өңіріне таратып, бізге жеткізген ғалымдар туралы қысқаша анқытама беріледі.


