Кілтті сөздер

Артық көру
артық деп танылған
мүқаллиди
мұжтаһид
таржиһ
риуаяттар

Дәйексөздерді қалай жазу керек

Әш-Шишини س. . (2025). ХАБАРЛАРДЫҢ БІРІНЕ БАСЫМДЫҚ БЕРУ: АНЫҚТАМАСЫ, ШАРТТАРЫ ЖӘНЕ БАСЫМДЫҚ БЕРІЛГЕНМЕН АМАЛ ЕТУ ҮКІМІ. ИСЛАМТАНУ ЗЕРТТЕУЛЕРІ, 3(7), 41–53. https://doi.org/10.63727/ris202573-4

Аңдатпа

Исламдағы таржиһ (артық деп тану) ұғымының мақсаты – дұрыс хабарды (хадисті) нақтылап, соған амал ету, ал бұрысын (әлсізін) жоққа шығару әрі онымен амал етпеу болса, онда бұл – шүбәсіз, үлкен бір ілім есігі. Оны білу, үкімдерін меңгеру және мағыналарын түсіну өте маңызды. Себебі ол дұрыс риуаятты растап, бұрысын теріске шығарумен тікелей байланысты.

Бұл зерттеуде ғалымдардың таржиһ ұғымын түсіндірудегі әдістері, әр тәсілдің дәлелдері мен оларға қарсы жауаптар, сондай-ақ ең дұрыс деп танылған көзқарас талданады. Сонымен қатар, екі хадистің арасында таржиһ жүргізудің шарттары қарастырылады. Таржиһ етілген риуаятпен амал ету мәселесінде кейбір ғалымдар міндет деп қарастырса, бұл еңбекте мүқаллиди (еліктеуші) мен мұжтаһидтің (ижтихад жасаушы) арасы ажыратылып, түсіндіріледі. Мүқаллиди үшін – өзі сұраған ғалымның пікіріне еру – оның мәзһабы. Өйткені ол дәлелдермен жұмыс істей алмайды, қай хадис артық, қайсы әлсіз екенін айыра алмайды. Ал мұжтаһид тек өз ижтиһадына сай амал етуге міндетті. Ол өзгеге еліктей алмайды, өйткені ол өз сеніміне қайшы амал еткен болар еді.

https://doi.org/10.63727/ris202573-4