Аңдатпа
Мақалада XX ғасырдың көрнекті ислам ойшылы Фазлур Рахманның (1919-1988) Құран герменевтикасы мен ислам модернизміне қосқан үлесі қарастырылады. Автор жаңалану (тәждид) идеясының ислам тарихындағы орнын, ортағасырлық және модерн дәуірдегі жаңашылдық қозғалыстарын зерделей отырып, Фазлур Рахманның ерекшелігіне тоқталады. Оның «екі жақты қозғалыс» әдісі, Құранды біртұтас (холистикалық) мәтін ретінде оқу және оның этикалық мазмұнын, әсіресе Құрандағы әлеуметтік-экономикалық әділдік пен теңдік қағидасын негіздеу тәсілі талданады. Ортағасырлық ислам ғылымдарына үстемдік еткен «атомистік» тәсілді сынауы, Құран аяттарының тарихи контекстін ескерудің маңыздылығын дәлелдейтін көзқарастары әдістемелік бетбұрыс ретінде жан-жақты зерделенеді.


