##common.pageHeaderLogo.altText##
RESEARCH IN ISLAMIC STUDIES
SCIENTIFIC JOURNAL

Кілтті сөздер

Әлихан Бөкейхан
Алаш
зайырлылық
дін
мемлекет
төзімділік
ХХ ғасыр басы
зайырлы мемлекет

Дәйексөздерді қалай жазу керек

Мажиев , Г. . (2025). ХХ ҒАСЫР БАСЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҚОҒАМЫ ЖӘНЕ ЗАЙЫРЛЫЛЫҚ ИДЕЯЛАРЫНЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫ. ИСЛАМТАНУ ЗЕРТТЕУЛЕРІ, 3(7), 142–155. https://doi.org/10.63727/ris202573-11

Аңдатпа

Бұл мақалада ХХ ғасырдың басындағы қазақ қоғамындағы зайырлылық идеяларының қалыптасу үдерісі, оның ішінде Әлихан Бөкейханның көзқарастары мен еңбектеріндегі ерекшеліктері қарастырылады. Қазақ зиялылары ұлттық тәуелсіздік пен өркениеттік даму жолын таңдауда дін мен мемлекеттің арақатынасын жаңаша түсіндіруге ұмтылды. Ә. Бөкейханның «Қазақ» газетінде жарияланған мақалалары мен «Алаш» партиясы бағдарламасының жобасы зайырлылық қағидаттарының қазақ қоғамына енуіндегі маңызды дереккөз болып табылады. Оның діннің әлеуметтік қызметін ағартушылық пен қоғамдық мүддеге қызмет етумен байланыстыруы, діни төзімділік пен теңдік идеясын алға тартуы – қазіргі заманда да өз маңызын жоймаған ойлар. Сонымен қатар, Батыс ойшылдарының ықпалы, Толстойдың діни төзімділікке қатысты көзқарастары Ә. Бөкейхан еңбектерінде көрініс тапқаны талданады. Зерттеу нәтижесінде, ХХ ғасыр басындағы қазақ зиялыларының зайырлылыққа қатысты идеялары бүгінгі Қазақстандағы конфессияаралық келісім мен зайырлы мемлекет құндылықтарымен сабақтасып жатқаны айқындалады.

https://doi.org/10.63727/ris202573-11