Аңдатпа
Бұл мақала ислам феминизмінің көрнекті өкілі Амина Вадудтың Құранға деген рационалистік көзқарасына сыни тұрғыдан талдау жасауға арналған. Автор оның герменевтикалық әдістерінің діни мәтіндерді бұрмалауына және әйелдің исламдағы дәстүрлі бейнесін өзгертуіне алып келетіндігін дәлелдейді. Мақалада сондай-ақ Қазақстан мұсылман қоғамына бұл идеялардың тигізуі мүмкін қауіптері қарастырылады. Қазақ халқының ханафи-матуриди дәстүрі аясында қалыптасқан діни дүниетанымы Амина Вадудтың көзқарастарына қарама-қайшы келетіні көрсетіледі.


