Аңдатпа
Бұл мақалада қазақтың діни-ағартушылық ойының көрнекті өкілі Ақыт Үлімжіұлының көркемдік мұрасы мен тұлғалық болмысы жан-жақты қарастырылады. Ақынның шығармаларындағы рухани, этикалық және ұлттық құндылықтар жүйесі, сондай-ақ оның шығармашылық дүниетанымының ерекшеліктері мен дін, мораль, мәдениет тақырыптарындағы көзқарастары талданады. Ақыттың әдеби тілі, айшықты бейнелеу құралдары мен тақырыптық ауқымы оның заманының күрделі тарихи-әлеуметтік үдерістерін терең сезініп, көркем түрде жеткізе білгенін көрсетеді. Сонымен қатар, мақалада Ақыт Үлімжіұлының тұлғалық келбеті, діни-пәлсапалық танымы мен қоғамдық ұстанымы сараланып, оның ұлттық сана қалыптастырудағы орны мен ықпалы айқындалады. Ақыттың мұрасы – қазақ руханияты мен әдебиетінің маңызды бөлігі ретінде бағаланып, бүгінгі күн тұрғысынан қайта пайымдауды қажет етеді.


