PDF

Кілтті сөздер

діни экстремизм
деструктивті діни ағымдар
дерадикалдану
профилактика
«AQNIET» қоғамдық қоры
теологиялық оңалту
Қазақстан

Дәйексөздерді қалай жазу керек

Рыскиева, . А. ., & Мурзабаев , Н. . (2025). ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА ДІНИ ЭКСТРЕМИЗМ МЕН РАДИКАЛИЗМГЕ ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ ЖҮЙЕСІНДЕГІ «AQNIET» ҚОҒАМДЫҚ ҚОРЫНЫҢ РӨЛІ. ИСЛАМТАНУ ЗЕРТТЕУЛЕРІ, 2(6), 148–169. https://doi.org/10.63727/ris202562-12

Аңдатпа

Мақалада Қазақстан Республикасында діни экстремизмге қарсы күрес және дерадикалдану саласындағы «Ақниет» ақпараттық-насихаттық оңалту орталығы қоғамдық қорының тәжірибесі қарастырылады. Қор жүзеге асырған негізгі жобалар, әзірленген стратегиялар мен дерадикалдану алгоритмдері сипатталады. Теологиялық және психологиялық жұмысты ұштастыратын әдістемелік тәсілдерге назар аударылады. Сонымен қатар деструктивті ағымдарға (Хизбут-Тахрир, Таблиғи жамағат, әт-Такфир уәл-Хижра және т.б.) теологиялық және дінтанулық талдау жүргізіліп, олардың аймақтарда танымал болу себептері ашылады. Аталған ағымдарға қарсы мамандар тарапынан қолданылатын принциптер түсіндіріледі. Бұған қоса, Сауд Арабия, Ұлыбритания және Германия елдерінің дерадикалдану тәжірибесіне салыстырмалы талдау жасалып, осы негізде «AQNIET» қоғамдық қорының қызметі арқылы қазақстандық тәсілдің ерекшелігі айқын көрсетіледі. Мақала академиялық-аналитикалық стильде жазылған, қор материалдары мен тексерілген дереккөздерге сүйенеді.

https://doi.org/10.63727/ris202562-12
PDF