Аңдатпа
Бұл мақалада патшалық Ресей тұсында құрылған Орынбор мүфтилігінің діни кадрларды тағайындау тәжірибесі жан-жақты зерттеледі. Автор ОМДБ-ның құрылу себептері мен оның отарлық саясаттағы рөлін саралап, діни кадрларды іріктеу мен тағайындау тәртібін көрсетеді. Молдалар мен ұстаздарға қойылған талаптар, олардың діни білім деңгейін анықтау тәсілдері, сынақ жүргізу тәртібі баяндалады. Татар және башқұрт молдаларының қазақ даласындағы қызметі мен олардың әкімшілік мақсаттарға пайдалану тәжірибесі талданады. Сонымен қатар, патша билігінің діни кадрларды марапаттау және бақылау саясатының ерекшеліктері қарастырылады. Мақалада ислам діні мен әкімшілік құрылым арасындағы өзара ықпал, дін иелерінің дәстүрлі рухани көшбасшы ретіндегі рөлінен айырылып, саяси құралға айналуы көрсетілген. Зерттеу нәтижесі ОМДБ-ның қазақ қоғамындағы діни және саяси процестерге ықпалын терең түсінуге мүмкіндік береді.


