PDF

Кілтті сөздер

тәкфир
күпірлік
ислам
харижиттер
ауыр күнә
дін
шариғат
шәһәда

Дәйексөздерді қалай жазу керек

Мухитдинов , Р., & Нурсултан, Б. . (2025). «КӘПІР» ЖӘНЕ «КҮПІР» ҰҒЫМДАРЫНА ТЕОЛИНГВИСТИКАЛЫҚ ТАЛДАУ. ИСЛАМТАНУ ЗЕРТТЕУЛЕРІ, 2(6), 31–42. https://doi.org/10.63727/ris202562-3

Аңдатпа

Бұл мақалада ислам дініндегі өзекті мәселелердің бірі саналатын «тәкфир» ұғымы жан-жақты зерттеледі. Тәкфир – мұсылманды күпірлікке шығару немесе оны діннен шыққан деп жариялау мағынасын білдіретін шариғаттық термин. Мақалада бұл ұғымның діни, әлеуметтік және тарихи маңызы ашылып, оның мұсылман қауымы арасында туындаған тартыстар мен қақтығыстардағы рөлі қарастырылады.

       Мақалада тәкфирдің тарихи негіздері, оның ішінде харижиттер қозғалысының ықпалы, сондай-ақ қазіргі заманғы діни экстремизм және радикалды идеологиялар аясындағы көріністері талданады. Тәкфир үкімін қолданудың шариғи шарттары мен қағидаттары қарастырылып, бұл мәселенің исламдық құқықтағы орны түсіндіріледі. Сонымен қатар күпірлік ұғымының түрлері, жеңіл күпірлік пен ауыр күпірлік арасындағы айырмашылықтар және шүкірсіздік пен күпірлік арасындағы байланыстар Құран аяттары мен пайғамбар хадистері негізінде талқыланады.

       Бұл мақалада автор тәкфир мәселесіне байланысты шектен шығудың қауіпті салдарына тоқталып, діни білімсіздік пен радикализмнің қоғамға зиянын атап көрсетеді. Сонымен бірге  тәкфир үкімін шығару құқығының тек жоғары деңгейлі діни ғұламаларға ғана тиесілі екенін ерекше атап өтеді. Мақалада исламның бейбітшілік, бірлік және төзімділік қағидалары негізінде дұрыс діни түсінікті қалыптастыру қажеттілігі баяндалады. 

https://doi.org/10.63727/ris202562-3
PDF