Кілтті сөздер

нейротеология
діни тәжірибе
ми қызметі
медитация
дін

Дәйексөздерді қалай жазу керек

Рыскиева, А., & Қызырбекұлы, Е. (2026). НЕЙРОТЕОЛОГИЯ ЖӘНЕ ДІНИ ТӘЖІРИБЕ: КОГНИТИВТІ ДІНТАНУДАҒЫ ЖАҢА ЭПИСТЕМОЛОГИЯЛЫҚ БАҒДАР. ИСЛАМТАНУ ЗЕРТТЕУЛЕРІ, 1(9). https://doi.org/10.63727/ris202691-12

Аңдатпа

Мақалада діни тәжірибенің адам санасына әсерін ғылыми тұрғыда талдауды мақсат ететін, когнитив дінтану саласы аясында қалыптасқан нейротеология ғылымы қарастырылады. Бұл ғылым саласы дінтану, психология және нейробиология ғылымдарының тоғысында қалыптасқан пәнаралық ғылыми бағыт. Мақаланың негізгі мақсаты діни тәжірибенің нейробиологиялық негіздерін талдау мен адамның рухани тәжрибесінің ми қызметімен байланысын ғылыми тұрғыда түсіндіруге бағытталған. Сонымен бірге ізденісте медитация, дұға және рухани жай-күйлердің адамның психологиялық жағдайына және нейрофизиологиялық жүйесіне ықпалын анықтауға қатысты ғылыми еңбектерге талдау жасалады.  Зерттеу барысында қазіргі заманғы ғылыми әдебиеттерді талдау, салыстырмалы зерттеу және жүйелеу әдістері қолданылды. Нәтижесінде нейротеологияның діни тәжірибені тек теологиялық немесе философиялық тұрғыдан ғана емес, сонымен қатар нейробиологиялық негізде түсіндіруге мүмкіндік беретін жаңа ғылыми бағыт екені айқындалады. Зерттеу қорытындылары дінтану ғылымында адамның рухани тәжірибесін кешенді түрде зерттеудің маңыздылығын көрсетеді және нейротеологияның ғылыми зерттеу саласы ретінде болашақта дамуына негіз бола алады.

https://doi.org/10.63727/ris202691-12