Кілтті сөздер

Абай
ислам құндылықтары
рухани тәрбие
жастар
ар-ұят
әділет
мейірім
жүрек тәрбиесі,
ғылым

Дәйексөздерді қалай жазу керек

Тышхан , К., & Харжаубай , Х. (2026). АБАЙ ШЫҒАРМАЛАРЫНДАҒЫ ИСЛАМ ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫ ЖӘНЕ РУХАНИ ТӘРБИЕ. ИСЛАМТАНУ ЗЕРТТЕУЛЕРІ, 1(9). https://doi.org/10.63727/ris202691-3

Аңдатпа

Аңдатпа. Бұл мақалада Абай мұрасындағы исламдық құндылықтардың қазіргі жастардың рухани-адамгершілік тәрбиесіндегі әлеуеті талданады. Қазіргі қоғамда рухани тәрбие әлсіреп, дүниелік құмарлық пен тұтынушылық психология күшейген шақта мейірім, әділет, ар-ұят, жауапкершілік сияқты негізгі моральдық сипаттардың да бәсеңдеуі байқалады. Осындай жағдайда ұлттық руханияттың өзегіне айналған Абай өлеңдері мен қара сөздері тәрбиелік бағдар ретінде айрықша мәнге ие. Зерттеуде ақын поэзиясындағы мінез тәрбиесі, нәпсіге қарсы тұру, сабыр-қанағат, махаббат-рақым, еңбек-ізденіс ұстанымдары нақты мысалдар арқылы қарастырылады; қара сөздердегі «жүрек тәрбиесі», «ар-ұят», «ниет тазалығы», «өзін-өзі тану» идеялары жүйеленіп, исламдық этикамен сабақтастырылады. Сондай-ақ «Ғылым таппай мақтанба», «Әсемпаз болма әрнеге», «Жасымда ғылым бар деп ескермедім» сияқты өлеңдер негізінде білім мен ғылымның рухани тәрбие құралы ретіндегі орны ашылады. Мақала нәтижелері Абай мұрасының жастарды ішкі жауапкершілікке, әділет пен мейірімге, мақсатты еңбекке баулитын тұтас тәрбиелік концепция екенін көрсетеді.

Түйін сөздер: Абай; ислам құндылықтары; рухани тәрбие; жастар; ар-ұят; әділет; мейірім; жүрек тәрбиесі; ғылым.

https://doi.org/10.63727/ris202691-3